Атырауда «Денсаулық фестивалі» өтті. «Қайсар» клубында ұйымдастырылған шарада 8–11 жас аралығындағы каратешілер бақ сынады. Оларға сақтық үшін маскалар мен түсіндірме қағаздар таратылды.
Бәйгеде оза шапқан жас каратистер өздерінің қуаныштарын жеткізді. Солардың бірі – Наргиз Рахметова.
Наргиз РАХМЕТОВА, спортшы
Бірінші орын алғаныма ерекше қуанып тұрмын. Осындай шаралар тоқтатылмай, жиі ұйымдастырылса екен.
Шара соңында қатысушылар диплом және медальмен марапатталды. Ұйымдастырушылар естелік сыйлықтар ұсынып, жаттықтырушыларды да назардан тыс қалдырмай, алғысхаттар табыс етті. Айта кетейік, спорттық дода әлі жалғасады.