Жылыойда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы жоқ. Осы және өзге де мәселелер жөнінде аудан белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысқан фасилитациялық сессиядада айтылды.
Аудандағы 80 мыңнан астам халықтың 3 проценті – мүмкіндігі шектеулі жандар. Бірақ оларға көрсетіліп жатқан қолдау аса байқалмайды. Аймақта экология мәселесі өзекті. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы ауадай қажет дейді, – дейді белсенділер.
Ақмарал ХАЛЕЛОВА, белсенді
Ауданымыз мұнайлы өлке бола тұра оңалту орталығының жетіспеушілігі байқалады. Бүгінгі күнде 2 164 мүмкіндігі шектеулі жан бар. ТШО компаниясының «Игілік» бағдарламасы арқылы оңалту орталығын салып берсе деген ұсыныс бергіміз келіп отыр.
Жиынға қатысушылар ең маңызды әлеуметтік бес жобаны іріктеп, жүзеге асыру мақсатында «Теңізшевройл» компаниясына өз ұсыныстарын енгізді. Ал мекеме өкілдері ұсынылған жобалар жан-жақты, әрі компания талаптарына сай келсе, қаражат бөлуге дайынбыз деп отыр.