Қызылқоға аудандық ауруханасында «Зиянды әрекеттердің алдын алу акциясы» өтті. Тұрғындарға насихаттау жұмыстары осы уақытқа дейін әлеуметтік желі арқылы жүргізілсе, енді санитария нормаларын қатаң сақтау арқылы жүргізіліп жатыр. Шара барысында зиянды әрекеттерден туатын аурудың салдары айтылып, дұрыс тамақтану керектігі ескертілді. Ал мамандар осындай жұмыстарды ұйымдастырудағы басты мақсаттарын атап өтті.
Гүлім ҚАЙДАР, СӨСҚО медбикесі:
Жалпы шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, адамдардың өз денсаулықтарының құнды көзқарастарының қалыптастыру болды.
Айдана КЕҢЕСҚЫЗЫ, Қызылқоға аудандық ауруханасының дәрігері:
Жалпы әдеттерден бастартатын болсақ, денсаулығымызда ақау болуына кепілдік беретін боламыз. Жалпы денсаулығымыздың сау болуы үшін осы зиянды әрекеттерден бас тартып қана қоймай, манағыдай дұрыс тамақтану арқылы, өмірімізге қозғалыстың қозғалысты енгізу арқылы, атап өтетін болсақ спортпен айналысу, сонымен қатар манағыдай терінің өзіміздің жеке сақтау арқылы біздің деніміздің сау болуына қамтамасыз ететін боламыз.
Акция барысында насихаттау жұмысымен қатар, тұрғындарға түсіндірме жаднамалар таратылды. Денсаулық – әр адамның баға жетпес байлығы болғандықтан, зиянды әрекеттерден алшақ жүрген дұрыс,- дейді дәрігерлер.