Соңғы 9 айда Атырау облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне 10000-астам бала көмекке жүгінген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда – көп. Олардың саны оқу жылының қашықтан өтуіне байланысты күрт артқан. Балалар қауіпті індет жайлағанға дейін бос уақытын мектеп, балабақша қабырғасында өткізгендіктен мұндай жағдайлар аз болды,- дейді мамандар.
Мейрамгүл БАҚТЫҒАЛИ, облыстық СӨСҚО үйлестірушісі:
Балалар жарақатының профилактикасына келетін болсақ, онда ересектердің алатын орны үлкен болғандықтан, ата-аналар мен ересектердің назарына балаларды дұрыс қарауға күнделікті өмірде өткір жанғыш заттарды қолдары жетпейтін жерге алып қоюға немесе терезелерді ашық қалдырмауға және т.с.с.қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, олардың денсаулықтарына үлкен мән беруге шақырамыз.
Соңғы уақытта жарақат алған баласына медициналық көмекті керек етпейтін ата-аналардың саны артқан. Тіпті, рентгенге түсіруге қарсылық танытып, гипс салғызудан бас тартып жатады.
Сергей ХВАН, травматология бөлімінің меңгерушісі
Бізде барлық қажетті манипуляциялық, хирургиялық диагностикаларды жүргізуге мүмкіншілік бар. Өкінішке қарай мұны барлық ата-ана түсінбей, емшілерге немесе басқа жерлерге жүгінеді. Кейін қате жасағандарын түсінеді. Әйтсе де, сол арада біраз уақыт өтіп кететіндіктен, баланың жарасын жазу үлкен күшті талап етеді.
Травматологтар ем қабылдаудан бас тартпауға кеңес береді, өйткені болашақта бұл асқынып кетуі мүмкін. Ең дұрысы – жарақаттың алдын алу.