Атыраулық Бауыржан Қосмағамбетов осыдан 2 жыл бұрын қайтыс болған әкесінің о дүниелік болғанын дәлелдей алмай жүр. Өйткені, мұрагерінің бірі ретінде зейнетақы қорындағы қаражатты иемденейін десе, құзырлы органдағылар оның шотына тұрақты түрде қаржы түсіп тұрғанын айтқан.
Бауыржан ҚОСМАҒАНБЕТОВ, баласы
Атырау қаласының азаматтардың хәл актілерін тіркеу мұрағатындағы инспекторы әкемнің тірілер тізімінде тұрғанын айтты. Не деген сұмдық? 2 жылдан бері тірілер тізімінде тұр.
Аталған істе Қосмағанбетовтердің өзара отбасылық кикілжіңі де бар болып шықты. Бауыржан әкесінің өліміне қатысты қылмыстың иісі шығатынын айтады. Тіпті, туған ағасынан күдіктенетінін де жасырмайды.
Бауыржан ҚОСМАҒАНБЕТОВ, баласы:
Менің бұл әкемнің дүниеден озғанына қылмыстық істің құрамы бар деп есептеп және күманданатын себебім, жедел жәрдем мен полициян шақырмағандығы.
Әкесін өлгендер қатарына енгізгісі келген ол прокуратурадан бастап көмек сұраған. Алайда құзырлы органдар бір-біріне сілтеп, жігітті әуре-сарсаңға түсіріпті. Осы күнге дейін жергілікті мамандардан жарытымды жауап ала алмаған Бауыржан ақыры тілшілердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Ал біз облыстық ПД хабарласқанымызда, тәртіп сақшылары әкесі Жұмабай Қосмағанбетовтың дүние салғанын растады. Сондай-ақ, баласының өтініші негізінде алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Бұл дерек бойынша ҚК 190-бабының 1-бөлігі алаяқтық яғни бөтеннің мүлкін жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатқандықтан, басқа мәліметтер жарияланылмайды.