19 қазан – құтқарушылар күні. Осыдан 25 жыл бұрын құрылған Төтенше жағдайлар комитетінің ресми мерекесіне орай атыраулық мамандар авариялық-құтқару құралдарын жұртшылыққа таныстырды. Тұрғындар өрт сөндіру техникалары мен іздеу дрондарын өз көзімен тамашалады. Сондай-ақ, судан құтқару операциясы көрсетіліп, департаменттің белгиялық Гром және Абрек атты қос иті көпшілік алдында түрлі жаттығу жасады.
Омар БЕРЖАНОВ, начальник ДЧС Атырауской области
Здесь находятся 17 единиц техники, пожарных, основных спасательных, автолестниц. Также автомашины кинологической службы, скорой медицинской помощи. Другие более 20-ти машин стоят на боевом дежуртсве. Наши работники несмотря на субботу-воскресенье, праздничные дни они 7 дней в неделю 24 часа в сутки на дежурстве. Хочу поздравить сотрудников и ветеранов органов гражданской защиты.
Омар БЕРЖАНОВ, Атырау облысы ТЖД бастығы:
Бұл жерге өрт сөндіру және арнайы құтқару жасағының 17 техникасы және автобаспалдақтар әкелдік. Оған қоса, кинологтар мен медициналық жедел жәрдем қызметінің көліктері бар. 20-дан астам техника кезекшілікте тұрады. Біздің қызметкерлер сенбі-жексебі, тіпті мереке күндері де тәулік бойы жұмыс істейді. Осы саладағы қызметкерлер мен ардагерлерді құттықтаймын.
Сонымен қатар, құтқарушылар алғыс хатпен және мерекелік төс белігімен марапатталды. Бүгінгі танда облыстық ТЖД-нде 690 маман мен 118 техника халықтың қауіпсіздігі үшін қызмет атқаруда.