Мемлекеттік «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы Индербор кентінің өзінде 7 800 түп көшет отырғызылып, жазғы су желілері тартылған. Сондай-ақ, экологиялық апаттардың алдын алу мақсатында басқа да ауылдарға көңіл бөлініп, қажетті шаралар қабылдануда. Мысалы, өлкедегі ірі елдімекен Есбол ауылдық округінің басшылары жергілікті орман шаруашылығы мекемесімен бірлесіп осы күзде 1 300 түп тал егуді жоспарлап отыр.
Ғабит САПАРОВ, Есбол ауылының тұрғыны:
Бүгінгі мынау «Жасыл – желек» акциясы бойынша Есбол селосында жасыл көшет отырғызу науқанында қызмет істеп жатырмыз. Бүгінгі күнде Жамбыл мектебінен 15 адамнан жасыл көшет отырғызып жатырмыз. Бұл енді жас ұрпаққа болашаққа көшет егіп қалдырып жатқан жағдайымыз бар.
Дегенмен төрт түлік малдың жаңа отырғызылған көшеттерді отап кетуі жиі кездеседі. Тиісті заңдылықтарға сәйкес, иелері жауапкершілікке тартылғанмен, тұяқтылар тарапынан зиян тыйылар емес. Жергілікті мамандар «атадан мал емес, тал қалғанды құп көретініміз рас болса, жануарды бақылаусыз жібермегеніміз абзал» дейді.