Мұнайшы стадионының маңында ұйымдастырылған дәстүрлі жәрмеңкеге 30-дан астам жергілікті өндірушілер мен шаруа қожалықтары қатысты. Онда сүт, көкөніс, ет, балық т.б өнімдері тұтынушыларға нарық бағасынан 15 пайызға арзанға сатылды. Ал таң атқалы қыз-қыз қайнаған сауданың қақ ортасында жүрген Бердіғали Мұхамедов 2 сағаттың ішінде 800 келі өнімін өткізіп үлгергенін айтады.
Жәрмеңкедегі бағаның халыққа салмақ салмайтынын байқадық. Оған босай бастаған сөрелер мен кезек күткен көпшілік дәлел. Мұндай шараның жиі өтіп тұруы саудагерге мен сатып алушыға қатар тиімді дейді тұрғындар.