Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нәтижесінде Атырау–Индер тасжолының бойынан асханасы және қонақы үйі бар сервистік қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілді. Шаруасын шыр айналдырған жас кәсіпкер осы күнге дейін азық-түлік дүкенімен қатар, Атырау және Орал қалаларына жолаушылар тасымалдау ісімен де айналысып келді. Ол алдағы күндері қызмет көрсету аясын кеңейтуді мақсат тұтатынын айтады.
Нұрғали СӘРСЕНҒАЛИЕВ, жас кәсіпкер.
Кәсіпті бастап осылай Атырау-Индер тас жолында кемпинг ашылып жатыр.Екі орта да жолаушылар көп. Сол жолаушыларға арнайы қонақ және асхана 52 адамға жасалған. Бірінша этажы асхана, 2 этажы 14 орындық қонақ үй.Аудан тұрғындарына да керек нәрсе деп ойлаймын.Қазіргі асхана жаңа форматта жасалған. Бұл асхана 24 сағат жасайды. Қазір індетке байланысты шектеу болғасын сағат 12 дейін жасайды.
Жалпы Индер ауданында 368 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Оның ішінде негізінен 200 азық-түлік дүкені, 3 базар, 6 сауда орталығы, 34 қоғамдық тамақтану орны, 6 қонақүй және 9 дәріхана халыққа қызмет көрсетіп, тұтынушыларға қызмет көрсетіп келеді.