Атырау горнизонында арнайы операцияға арналған күштердің компоненттерін кешенді тексеру басталды. «Алтын Жебе–2020» шарасына ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов қатысты.
Тексерудің басты мақсаты жауынгерлердің арнайы тапсырмаларға дайындығы мен белгіленген уақыт аралығында жүктелген міндетті жоғары деңгейде орындап шығуын бақылау. Оған қоса, далалық дайындық деңгейін және барлық санаттағы әскери қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Еламан ҚУАНЫШОВ, аға лейтенант
Әскери бөлімді тексеру кезінде бөлімшелер дабыл бойынша көтеріліп, оқу полигонына шығарылды. Әскери қызметшілер лауазымына сәйкес топографиялық, жарылу ісі, радиациялық , химиялық және биологиялық қорғаныс, медициналық дайындық бойынша арнайы сынақтар тапсырды. Және қоян-қолтық ұрыстарын элементтарын көрсетті. Сонымен қатар әскери қызметшілер қараңғы уақытта толық құрамда он шақырымдық марш жасап, оқу-тактикалық әдістерінен жақсы нәтиже көрсетті.
Тексеріс барысында әскерилердің ату тактикалық жаттығуларды орындауына, артиллериялық атыс пен күндіз-түні авиациялық армияны реттеуге ерекше назар аударылды.