«Кең Жылыой» мәдениет үйінде аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов пен Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы қоғамдық келісім мекемесі директорының орынбасары Ләззат Жылқышиева дәстүрге арналған кеңес отырысына арнайы келіп, жыл бойы атқарылған іс-шаралар легімен танысты.
Нұржан ЕРМҰХАНОВ, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы
Бұл есепте біздер де тұрғын комуналдық шаруашылығы,жер қатынастар бөлімі,жұмыссыздыққа байланысты және де денсаулық білім мәселесіне байланысты және Құлсары қаласы әкімшілігінің есебімен таныстық. Өзекті мәселелермен таныстық. Болашақта қоғамдық келісім кеңесінің арнайы бақылауымен және де қолдауымен осы өзекті мәселелерді ары қарайда талқылап шешуге бірге ат салысамыз.
Аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаж 1 942 отбасының 431-і көпбалалы болса, мүгедек баласы бар 151 отбасы тіркелген. Қазір Құлсарыда салынып жатқан 300 пәтерлі 5 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысы біткен соң, ең бірінші кезекте тұрған көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін болады дейді мамандар.
Одан бөлек, жиында ауруханалар мен білім сапасы, балабақша құрылысының жағдайы, қала ішін абаттандыру мәселелері көтеріліп, кәсіпкерлікті дамыту жоспары мен жұмыспен қамту мәселесі де сөз болды.