Қысқа дайындықты «Атырау» ӘКК жанындағы Тұрақтандыру қоры қызу бастады. Қараша айында қор қоймалары 600 тонна көкөніспен толмақ. Мамандардың айтуынша, қазір өнімдерді жинау процесі жүріп жатыр, ал желтоқсан айынан бастап қала базарлары мен аудан орталықтарында саттық жұмыстары басталады екен.
Гүлмира МЕҢДАЛИЕВА, «Атырау» ӘКК АҚ департамент директоры
Көкөністердің ішінде 361 тонна картоп, 79 тонна жуа, 49 тонна сәбіз, 114 тонна капуста қала базарларында былтыр біз қойған бағамен сатылады деп жоспарлап отырмыз.
Баға тұрақтылығына бас ауыртудың керек еместігін айтқан маман қазір қоймаға жуаның ғана жеткізілгенін мәлімдеді.
«Қыстың қамын жаз ойла» демекші қазір қоймаға 79 тонна жуа жиналған. Оларды осылай тазалап, ұзақ мерзімге сақтауға жібереді. Ал картоп,сәбіз, қырыққабат секілді көкөністердің де мұнда келер күні алыс емес.