Қазақстан халқы Ассамблеясының Индер ауданы әкімдігі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі мәжілісі өтіп, онда бірнеше мәселе қаралды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылған шаралар мен аудандық Кеңестің осыған дейінгі қызметі туралы баяндамалар тыңдалды.
Нұржан ЕРМҰХАНОВ, Атырау облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы
-Бүгін Индер ауданына Атырау облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің көшпелі отырысын өткізуге арнайы келдік. Мүның алдында біз Мақат ауданында, Махамбет ауданында болып келдік. Біздің мақсатымыз осы аудандағы өзекті мәселелермен, халықтың әл-ауқатымен танысу.
++Қазіргі уақытта мәселелер талқыланды. Өзекті мәселелер болашақта шешімін тауып ары қарай қоғамдық келісім кеңесінің бақылауында болады.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша тиісті жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 680 736 000 теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған мәжілісте айтылған ұсыныстар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.