Қазақстан коммунистік халық партиясының ұйымдастыруымен «Қоғам қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Онда жастар арасындағы қылмыс пен оның алдын алу туралы әңгіме қозғалды. Партияның Атырау облысы бойынша бірінші хатшысы Ерболат Даулетқазиев тәрбиенің тал бесіктен басталатынын айта келе, ескі мен жаңаның арасындағы ортақ құныдылқтарды дамыту керектігін жеткізді.
Пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылған жиынға жергілікті прокуратура мен полиция өкілдері шақырылғанмен, ешқайсысы есік қақпаған. Коммунистер соған қапалы.