Маңғыстауда Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаз оқыстан басын жаралап алды. Әскери дайындыққа кедергі болған түйелерді қуамын деп жүріп жазым бола жаздаған жігіт бұл жағдайға сүрініп кеткенін себеп қылады.
Қазіргі уақытта істің мән-жайын тексеру үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті. Абайсызда атылған оқ оқиғасынан бері 4 күн өтсе де, жауабы шешілген жұмбақ байқалмайды. Дегенмен дәрігерлер сарбаздың өміріне қауіп жоқ екенін айтады.
Гельман ЧАГАЙ, Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі
Біз ми мен бас сүйегін толықтай тексерістен өткіздік. Сәтіне қарай, ешқандай зақым келмеген. Тек, бас сүйегінің сыртқы терісін оқ сырып өткендіктен, жеңіл-желпі ем қабылдауы керек. Жалпы жағдайы бірқалыпты. Қазіргі сәтте оның ақыл-ойы орнында, еркін сөйлеседі. Жүріп-тұруында да еш қиындық туындап жатқан жоқ.