Пандемия қаһарына мінген тұста атқарылатын шаралар мен атаулы күндердің жиын-тойсыз өте шыққаны көпке мәлім. Соның бірі – мектеп табалдырығынан түлеп ұшқан шәкірттердің жыл сайынғы дәстүрлі басқосуы.
Қосшағыл селосындағы он бір жылдық білім ордасын 20 жыл бұрын аяқтаған қыз-жігіттер кездескен қиындыққа қарамастан айтулы датаны игі мақсатта өткізуді қолға алыпты. Олар туған ауылындағы сиқы кеткен саябақты жаңа түрге енгізіп, тал-терекке екінші өмір сыйлаған.
Туған жер үшін талмай еңбек етудің үлгісін қосшағылдық түлектер көрсетіп берді. Енді бұл саябақ ертеңгі ұрпақтың серуен құрып, жайбарақат демалуы үшін таптырмас орынға айналмақ.