Атырау теміржол вокзалы 5 ай үзілістен кейін жұмысын қайта жандандырды. Мұнда 12 билет кассасы іске қосылып, 26 техникалық маман қалыпты қызметіне кірісті.
Сондай-ақ, мекеме басшылығы келушілердің маскамен кіруін қадағалап, күн сайын дезинфекция жұмыстарын жүргізуге міндеттелген. Ал ғимарат ішінде орналасқан асхана, дәріхана және басқа да сауда орындары алдағы аптадан бастап ашылады. Қазір соңғы дайындықтар пысықтауда.
Майра ӘБІЛОВА, Атырау вокзалы басшысының орынбасары:
Вокзалға жолаушылардың бетпердесіз кіруіне болмайды. Санитарлық режим сақталу керек. Сол себепті, кірерде температура тексеріледі. Билет алушылар кассаға еркін өткізіледі. Вокзал тәулігіне екі мәрте дезификциядан өтеді.
Жергілікті тұрғындар Атырау–Ақтөбе, Атырау–Алматы, Атырау–Маңғышылақ және Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттарына ертеңнен бастап сапарлай алатынын естеріңізге саламыз. Әзірге шаһар үстімен өтетін транзиттік маршруттардың жүруіне рұқсат беріле қоймады.