Атырауда еріктілерді аймақтық үйлестіру орталығы ашылды. Басты мақсат – волонтерлік брендті қалыптастырып, еріктілер қозғалысын танымал ету.
Орталық – «Қазақстан Еріктілер лигасының» авторлық жобасы. Оның мүшелері «Өлкем», «Отбасым», «Қазынам», «Жігерім», «Құлыным», «Табысым», «Шабытым» және «Күш-қуатым» атты 8 бағытта жұмыс істейді. Бұдан бөлек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен тың бастамаларға арнап грант ұсынылып отыр.
Меруерт ШӘКІРОВА, «Ашық жүрек» еріктілерді үйлестіру орталығының аймақтық директоры:
Біздің есігіміз көптеген жобаға ашық. Біз 300 мың теңгеге шағын гранттарды ұсынған едік. Қазір сайтымыз жұмыс жасап тұр. Әр бастамашыл топ, басқа да ұйымдар Атырау облысында жүзеге асырғысы келетін жобалары болса, бізге ұсынып, грантқа ие бола алады.
Өткен жылы Алматыда бастау алған жоба қазір еліміздің 17 қаласында жұмысын жалғастыруда. Республика бойынша 7 000-ға жуық ерікті осы құрамда болса, ондағы 40 волонтер Атырау облысынан тіркелген.