Бостандықта бос жүрмегендердің бірі Марат – жазасын аяқтай өтеуші. Жақсы тәртібі үшін өзіне берілген 7 жылдың үштен бір бөлігін ғана өтеген. Темір ұрлаймын деп темір тордың ар жағынан бір шыққан ол жасаған қылмысы үшін қатты өкінетінін айтады.
Марат, жазасын аяқтай өтеуші:
Дұрыс жолға түсуімізге мүмкіндік берді. Қазір құрылыс саласында жұмыстамын. Әке-шешемнің қасында жүріп, олардың ақыл-кеңесінен ауытқымауға тырысып жатырмын. Түрмеде өткен уақыт босқа кетті. Қайта баратын жер емес екенін ұғындым. Алдағы уақытта шаңырақ көтеріп, адал өмір сүргім келеді.
Қазір Марат құрылысшы болып қызмет етеді. Еңбекке араласқаннан кейін өмір сүруге деген құлшынысы екі есе өскен. Марат секілді биыл бостандыққа шыққан 11 азамат жұмыспен қамтылды. Оларға мұндай мүмкіндікті беру арқылы жазасын өтеп шыққандардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасаймыз дейді тәртіп сақшысы.
Ержан БИСЕНҒАЛИЕВ, Атырау қалалық пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары:
Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару департаменті пробациялық қызметінің есебінде 833 сотталған есепте тұр. Оларға пробация қызметі тарапынан жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметттік бағдарлама басқармасының бірлесуімен жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, материалдық жәрдем де беріледі.
Жаза басқандардың жаңа өмір бастауына қол ұшын созу – парызымыз. Олар да қоғамның бір мүшесі дейді полицейлер.