Ақтаулық жігіт Сергей Наумов тұрғын үйінің кіреберісін өз қолымен ерекше сәндеп қойған. Шебер құрылыс қалдықтарын кәдеге жаратып, қабырғаны заманауи үлгіде безендірген.
Мозайкалар құрастырып, әртүрлі картиналарды іліп қойған. 5-шағынауданда орналасқан 22-үйдің 4-ші қабаты бір көрген адамға өнер галереясы сияқты. Автордың айтуынша, бұны қонақ үйге ұқсатқандар бар көрінеді.
Сергей НАУМОВ, Ақтау қаласының тұрғыны:Осылай безендіруге басқа кіреберістердің сұрықсыз келбеті әсер етті. Қара бояумен салынған түрлі жазулар да бар. Сосын өз қолыммен безендіруге кірістім. Әктеп, сырлап, кафельдерді жабыстардым. Картиналарды тауып алып келдім. Қазір өзімнің жасағаныма жалғыз мен емес, көршілерім де дән риза. Себебі, әр адам үйіне келгенде көңіл күйі көтерілуі керек. Енді қарасаңыз, бір демалып қаласыз.
1 жыл ішінде жөндеу жұмыстарын жасап, ерекше үлгіде безендірген Сергей Наумовтың еңбегіне көршілері де алғыс білдірді.