Маңғыстау облысында «Батыс-2020» стратегиялық әскери оқу-жаттығуы өтті.
Асылхан МҰҚЫШЕВ, теңіз жаяу әскері бригадасы командирінің орынбасары:
– Әскери оқу-жаттығу өз мақсатына жетті деп есептейміз. Барлық операция үшін 30 минут берілді. Осы уақытта мүмкіндігімізді толық көрсеттік. Жаттығуға тәжірибелі әскерилермен қатар жас сарбаздар да қатысты. Тәжірибе алмасты, кәсіби біліктіліктерін шыңдады.
Жаттығуға еліміздің барлық өңірінен 2 мыңға жуық әскери маман мен 130 техника жұмылдырылды. Ел қауіпсіздігі үшін әскердің жоғары дайындығы аса маңызды. Асылхан Мұқышевтың айтуынша, осындай жаттығуларды кезең-кезеңмен өткізу – міндет.