Маңғыстау облысында карантиннің салдарынан тұралап қалған тұз үңгірінің ісі кері жанданды. Былтыр ғана ашылған емдік орынның тұрақты келушілері бар. Кәсіпкер мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың тегін емделуіне жағдай жасалғанын айтты.
Жәмила ЖАЛҒАСОВА, кәсіпкер:
– Бір күнде 10 адам келеді. Өткен айдың 17-не жұмысымызды бастадық. Жұмыспен қамту орталығынан 4 адам алып, жұмыс тауып бердім. Ең бастысы, өкпе, тыныс алу жолдарын тазартады. Тұз үңгірі үлкен қалалардағы санторийлерде ғана болады. Ақтауда 2-3 жерде кездеседі. Ал біздің Мұнайлы ауданында біреу-ақ.
Тұз терапиясы – пандемия кезінде таптырмайтын әдіс. Мұны кез келген емделуші мойындайды. Денсаулығы сыр берген жанға тұз үңгірі санаториймен тең. Мұндай киелі орынның ауылдық жерде болғаны қуантады.