Маңғыстау облысының Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының «Бәйтерек» және «Жаңақұрылыс-2» ықшамаудандарында ұзындығы 5,7 шақырым болатын жол құрылысы басталды. Бұл туралы Қарақия аудандық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асан Чукин айтты.
Жаңа жолдың құрылысы «Жұмыспен қамтудың 2020–2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме – «Алтынқұрық» ЖШС. 419,1 млн теңге жасақталған келісім-шарт бойынша атқарылып жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі биыл қараша айының 15-не жоспарланған. Құрылыс жұмысы кезеңінде 85 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 адам жұмысқа тартылды.