KazService журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік мұнайшыларының рейтингі жарияланды. Оған бизнесмендер, мұнай-газ компаниялары мен мемлекеттік құрылымдардың басшылары енді.
Биылғы оңай емес кезеңде бұл тізім жаңа он адаммен толықтырылды. Сонымен, алғашқы ондыққа Атырау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев кірді. Ал үздік елулікке Ноғаевтың кезінде әкім орынбасары болған, қазіргі энергетика вице-министрі қызметіндегі Жұмабай Қарағаев енді.
Бұрын бұл тізімнің үшінші орнында тұрған Махамбет Досмұхамбетов биыл көрінбеді. Рейтингті құру кезінде компанияның құны, әлеуметтік және экономикалық маңызы мен үміткерлердің лауазымы сынды критериялар назарға алынды.