Атырау облысы аумағында Түркиядан Қырғызстанға бара жатқан шетелдік көліктің тіркемесі өртеніп, 22 тонна жүк жанып кетті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Исатай ауданындағы Жанбай ауылының тұсында болған.
Нақтырақ айтқанда, Астрахан – Атырау жолының бойында шетелдік «MAN» жүк көлігінің 22 тонна мақта тиеген тіркемесі өртенген. Көлік жүргізушісінің айтуынша, жүк Түркиядан Қырғызстанға бара жатқан. Өртті сөндіруге Исатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.
Шетелдік көліктің тіркемесіндегі жүк толығымен жанып кеткенмен көлікке де, адамдарға да еш зиян келмеген.