Қазақстандықтар шілде айында 2 мыңға жуық алтын құйма сатып алған. Бұл тізімде Атырау облысы Алматыдан кейінгі 2 -ші орында тұр.
Мұнайлы өңір тұрғындарының сары алтынға жасаған саудасы өткен жылмен салыстырғанда 86 пайызға жоғары.
Арайлым АМИН, «ҚР Ұлттық Банкі» РММ АОФ бөлім басшысының орынбасары:
– Облыс тұрғындары шілде айында 60-тан аса алтын құймаларын сатып алды. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 8,4 кг болатын 197 өлшеуіш құйма сатып алынды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86 пайызға көп.
Қазақстандықтар құбылмалы уақытта сенімді инвестиция ретінде алтынды таңдапты. Себебі, соңғы бір жарым айдың ішінде ұлттық валюта 3,5 пайызға құнсызданған. Ал сұранысы артқан алтыннның бағасы шілде айына қарағанда 10 процентке өскен. Сондай-ақ, тұтынушылар арасында 10 граммдық алтын құймалар жиі сатып алынатын көрінеді.