Атырау гарнизонының жас сарбаздары салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Түркістан және Алматы облыстарынан шақырылған 85 әскери қызметші саптық алаңда Отан қорғаушының сертін оқыды.
Іс-шараға өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы және Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. Биылғы рәсім карантиндік шектеулерге байланысты алғаш рет әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарысыз өтті. Ант қабылдағаннан кейін әскерге шақырылғандар кіші мамандарды даярлау бағдарламасына арналған дайындықты бастайды. Алдағы уақытта оларды алғашқы оқу-жаттығулар, жаяу шерулер мен атыс сабақтары күтіп тұр.
Рамиз ТАТАРОВ, жас сарбаз:
– Бәріміз де ант қабылдағанымызды мәртебе тұтамыз және егемен Қазақстанға құрметпен қызмет етеміз. Бізге алғашқы әскери дайындықты үйреткен барлық командирге рахмет, біз олардың сенімдерін ақтаймыз.