Осы жылдың қаңтар–шілде аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 446,9 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 997 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты хабарлады.
Ал өткен шілде айында республикалық бюджеттен зейнетақыға 210 млрд теңге төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 65 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 145 млрд теңге.
2020 жылғы 1-тамыздағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн 220 мың.
1-тамыздағы көрсеткіш бойынша, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 95 058 теңгеге жеткен.
Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері кем дегенде 6 ай болатын жұмыс өтіліне және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.