Осы айдан бастап облыс орталығындағы LED экрандарда «Қазгидромет» РМК бақылау желісінен атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпарат таратыла бастады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандардың айтуынша, ауа сапасының жай-күйі туралы деректер Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Ақтау, Орал, Қостанай, Талдықорған, Көкшетау және Алматы қалаларында орналасқан LED экрандардан көруге болады. Ақпарат сағат сайын жаңартылып отырады және ауа райының негізгі көрсеткіштері саналатын РМ 10, PM 2,5 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, күкіртсутегі бойынша барлық деректерті көрсетеді.