Осы жазда «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде шамамен 300 шақырым болатын теміржол жөндеу көрді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, 57 км жолға орташа күшейтілген жөндеу жүргізіліп, 18 км рельс тіректері мен 78 км ескі, бірақ жарамды рельс бунақтары, 57 км ескі рельстер және 155 км жаппай рельс жолтабандары алмастырылды.
RM қиыршық тастан тазарту машинасының көмегімен 185 км қиыршық тастан тазартылды. Осылайша, жоспарланған көлемнің 62% жұмысы орындалды.
Жолдардағы жұмыс ауыр техникалар арқылы атқарылуда. Атап айтқанда, «Duomatic» түзету-бұрғылау-тегістеу машиналарын, DGS жол тұрақтандырғыштарды, PBR балласты жоспарлаушыларды пайдаланып, жылдық жоспардағы 2 700 шақырымдық жолдың 2 134 км болатын бөлігіне жөндеу жүргізілді.
Unimat-MF жолдары мен бағыттамалы бұрмалар үшін түзету-қағушы-тегістеуші машиналармен 800 бағыттамалы бұрма түзетілді және 300 км астам жол тегістелді. Ағымдағы кезенде жылдық жоспар 100% орындалды. Бұдан басқа, ATLAS рельсөңдеуші пойызбен жылдық 1000 км (153%) рельс өндеу жоспарында 1531 км рельс тегістелді. Desec бағыттамалы бұрмаларды төсеу үшін машиналарды пайдаланып, жылдық 270 бағыттама (70%) жоспарында балласт қабатын ауыстыра отырып топырақ төсемін сауықтыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
ЖТБ машиналарымен жылдық 1000 км (56%) жоспарында 563 км тегістеу орындалды.
МКТ жыра-траншеялық машиналарды пайдаланып 100 мың куб.м астам топырақ өңдеуден өтті және Geismar машиналар кешенің пайдаланып 24 мыңнан астам шпал бірлеп ауыстырылды.
Транзиттік дәліздердің өткізу мүмкіндіктерін арттыру, контейнерлік пойыздар жылдамдығын кеңейту, жүктер мен жолаушылар пойыздарын кедергісіз өткізу үшін жағдайлар жасауға, теміржол инфрақұрылымын ұстап тұруға ерекше назар аударып келе жатқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол инфрақұрылымын дамыту – негізгі бағыттардың бірі.
Жұмыстардың штаттық режимде, еш тоқтаусыз жүргізіліп жатқанын атап кету қажет. Коронавирус індетімен күрес шеңберінде қабылданған қауіпсіздік шаралардың барлығы қаперге алынған.