Сәтпаев даңғылында салынып жатқан жаяу жүргіншілерге арналған аспалы өткелдің ашылуына аз уақыт қалды. Құрылысшылар тек әрлеу жұмыстарының қалғанын айтады.
Бұл – Атырауда жүзеге асырылатын осындай үш жобаның алғашқысы. Құрылысы өткен жылдың қыркүйегінде басталған.
Ал Баймұханов көшесіндегі екінші өткелдің жұмысы мамырдан бастап қолға алынуы тиіс еді. Бірақ жаздың бітуіне аз қалса да, құрылысшылардың қарасы көрінбейді. Қалалық құрылыс бөлімі тапсырманы уақытында орындай алмағанымен қоймай, өткелдің ашылуы жөнінде де жарытып жауап бере алмады. Жұмыстардың неліктен сағызша созылып жатқандығының себебін ешкім білмейді.