Карантин қанша қатаңдатылса да, отан қорғауға дайындықты ешкім шегере алмайды. Атырау гарнизонының әскери қызметкерлері Қарабатандағы оқу орталығында тәжірибелік атыс жаттығуларын өткізді. Енгізілген шектеулерге байланысты іс-шаралар санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылды.
Жаттығулар кез келген санаттағы әскерилермен күндіз де, түнде де өткізіледі. Гарнизон басшылығының айтуынша, мұндай шаралар жауынгерлердің білімін жетілдіріп, қақтығыста жақсы нәтиже көрсетуіне септігін тигізеді.
Сондай-ақ, жаттығу полигонында әскери тактикалық атыс сынақтан өткізілуде. Осы арқылы қарулы әскерлердің деңгейі артып, түрлі деңгейлі қақтығысқа дайындық жұмыстары жетілдірілмек.