Жергілікті полицейлер Атырау облысының Индер ауданында ұрлық қылмысын әшкереледі.
Аудан тәртіп сақшылары кент ішіне жол салып жатқан ЖШС-нің біріне тиесілі 126 дана жиектастың қолды болғанын анықтап, жедел іздестіру шаралары барысындар қылмысқа күдікті ұсталды.
Нұрхат ОРАЗБАЕВ, Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі:
– Ұры алыстан келмепті, мекеме жұмысшыларының бірі болып шықты. Тексеру барысында, бөтеннің мүлкін жымқырған азамат оны аудан тұрғынына 30 мың теңгеге сатып жібергені белгілі болды.
Ұрлық жасаған 25 жастағы азаматтың әрекетіне қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.