Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып келе жатқанын баяндады.
Мамин жиын барысында қабылданған шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралу деңгейі және осыған байланысты барлық теріс көрсеткіштердің азайғанын жеткізді.
— Соның ішінде вирусты репрадуктивтің деңгейі орташа 0,82%-ға дейін төмендеді, емделіп шыққандардың үлесі 3,6%-ды құрап отыр, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Бұл ретте ауруханалардың жүктемесі 60%-ға және жедел жәрдем шақыру 62%-ға төмендеді. Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді, — деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар, ол қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырды.