Атырау облысының әкімі мәслихат отырысында әр салаға жеке-жеке тоқталып, жарты жылдың қорытынды есебін берді.
Онда Жылыой ауданындағы аурухана жайы да сөз болды. Алғашында 75 орынды ғимарат салу жоспарланғанымен, кейін демеушілердің көмегімен орын саны көбейтіліп отыр.
Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі:
– ТШО-ның «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Енді ТШО-мен сөйлесіп, қазір 275 орындық етіп саламыз деп өзгерттік. Құлсарыға барғанда көрдім. Бірінші кезеңінде 200 орынның ғимаратын көтереміз. Ол модульды болады. Күзде пайдалануға дайын болу керек. Егер керек болса, инфекционный ретінде де пайдаланамыз.
Облыста шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 3,2 пайызға артқан. 50 280 кәсіпкерлік нысаннан өндірілген өнім 693 млрд. теңгеге жетіп отыр. Бұл салада 129 мың адам жұмыспен қамтылыпты. Сондай-ақ, биылғы жартыжылдықта мұнайлы аймақта өнеркәсіп кәсіпорындарымен 2,5 трлн. теңге көлемінде өнім өндірілген. Оның 2 трлн. 200 млрд-ы тау-кен өнеркәсібінде болса, қалғаны – өңдеу өнеркәсібінде.