Талғайраңда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы тоқтап тұр. Өйткені, ешбір инфрақұрылым тартылмаған аймаққа баспана сала беру тиімсіз. Тіпті, тұрғын үй саларда оның суы, кәріз жүйесі, жарығы мен жолы да жобаланбаған көрінеді.
Бұл туралы облыс әкімі мәслихат отырысында айтты. Сондықтан құрылыс жұмыстары келер жылдың басына дейін жүргізілмейді.
Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі:
– Бірде-бір инфрақұрылымға ақша бөлінбеген, жобалық сметалық құжаттамасы жасақталмаған. Соны қолға алып, жыл басында ПЗД-сын жасақтап, сараптамадан өткен соң үй құрылысын жалғастырамыз. Бірақ алдымен дайын жұмыстарды жалғастырып, жоспарымыз бойынша қаражат қаралып жатыр. Электр, газ, су, жол бар қарастырып жатырмыз. Келесі жылы күзге қарай тапсырамыз деген жоспарымыз бар.