Атырау қаласы аумағында көші-қон заңын бұзғандарды анықтау мақсатында рейдтік шара өтті. Тексеріс жеке тұрғын үй секторлары мен саяжайларға жүргізіліп, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 100-ге жуық шетелдік азамат қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
Нұрлан БИСЕКЕНОВ, қалалық ПБ көші-қон қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
– Бұл шараның мақсаты – қала аумағында жүрген мигранттар арасында көші-қон заңбұзушылықтарын анықтау, олардың тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу, жалпы түсіндірме жұмыстары. Олар қазір тексеріледі. Егер қандай да бір заңбұзушылық болса, әкімшілік шараларын аламыз.
Рейд барысында карантин талаптарын бұзған асханалар мен көлік жуу орындары да кездесті. Олар шектеу ережелеріне қарамастан жұмыстарын жалғастырған.