Эко-волонтерлар «Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында «Ақтау–Форт–Шевченко» тасжолының 43 шақырымында сенбілік өткізді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлады.
Таңғы сағат 9-да басталып, 1кешкі беске дейін жалғасқан сенбіліктің нәтижесінде, еріктілер 5 тонна қоқыс шығарды.
Айта кету керек, өңірде мұндай эко-сенбіліктер тұрақты өткізіліп тұрады. Шараға кез келген адам белсенді түрде қатыса алады. Маңғыстау облысының экология департаменті мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы осындай акцияларды үнемі қолдап отырады. Экологтар тазалық үшін жауапкершілік әрқайсымызға жүктеледі және ортақ күш-жігермен ғана тәртіп орнатуға болатынын еске салады.