CaspianLife, 28 сәуір. «Пассажирлік тасымал» АҚ ұлттық тасымалдаушысы 1 маусымнан бастап №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағыты бойынша пойыз құрамына әйелдер вагонын іске қосады.
«Пассажирлік тасымал» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа вагон енгізілуімен «Әйелдер вагоны» қызметі ұсынылатын бағыттар саны он екіге жетеді. Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда қатынайды:
-
№77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
-
№351/352 «Алматы – Маңғыстау»;
-
№45/46 «Павлодар – Түркістан»;
-
№37/38 «Маңғыстау – Семей»;
-
№47/48 «Атырау – Астана»;
-
№33/34 «Ақтөбе – Алматы»;
-
№4/3 «Астана – Алматы»;
-
№71/72 «Астана – Шымкент»;
-
№354/353 «Астана – Семей»;
-
№24/23 «Ақтөбе – Алматы»;
-
№25/26 «Алматы – Шымкент»;
-
№614/613 «Орал – Маңғыстау».
«Әйелдер вагондарындағы билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады және бұл вагондарда тек әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдер вагонында жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат етіледі,» – делінген хабарламада.
Сонымен бірге, әйелдер вагонына билетті теміржол кассаларынан сатып алуға болады, бұл кезде кассирге арнайы әйелдер вагонынан орын керектігін ескерту қажет немесе онлайн түрде bilet.railways.kz сайтынан алуға болады. Онлайн рәсімдеу кезінде «ЖН» (әйелдер) аббревиатурасына назар аудару керек, ол билет әйелдер вагонына арналғанын көрсетеді. Билеттерді жолға шығудан 45 күн бұрын сатып алуға болады, бұл жолаушыларға сапарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Сурет: Telegram-арнасы, ҚТЖ баспасөз релиздері