3-тамыз күні Жұлдыз ықшамауданында болған жол апатынан екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі хабар таратты.
Бір адам оқиға орнында көз жұмса, екіншісі бас, ми жарақаты, қол, аяқ сүйектерінің сынуы, кеуденің ауыр жарақаты диагнозымен ауруханаға жеткізілгенмен, 4-тамызда о дүниелік болған.
Сонымен қатар, көлік апатынан оң аяғының сүйектері сынып, бүйрегі зақымданған 1980 жылы туған азаматқа алғашқы көмек көрсетіліп, қазіргі уақытта амбулаториялық ем беріліп жатыр.