CaspianLife, 13 наурыз. Бұл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық және оны өткізу шараларымен байланысты.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 наурыздан бастап жеке құрам мен әскери техниканы теміржол көлігімен және өздігінен тасымалдау жоспарланған. Елдің кейбір өңірлеріндегі жол учаскелерінде уақытша қозғалыс шектеулері болуы мүмкін. Сонымен қатар, 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана қаласында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын өткізу үшін әуе кеңістігін қысқа мерзімге шектеу қарастырылған.
«Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылап алуды ұсынамыз. Сондай-ақ енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз», – делінген қорғаныс баспасөзінің хабарламасында.