CaspianLife, 10 наурыз. Бұл туралы Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасындағы «Қараөзек» көпжақты автомобиль өткізу бекетін (МАӨБ) қайта жаңғырту мәселелері қаралған жұмыс тобының отырысында мәлімделді.
Астрахань облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта «Қараөзек» МАӨБ – Ресейдің Оңтүстік федералдық округіндегі (ОФО) Қазақстанмен шекаралас жалғыз өткізу бекеті болып табылады. Келесі осындай бекет солтүстікте, Саратов облысында, 1 100 шақырым қашықтықта орналасқан. Астрахань облысы «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің негізгі бөлігі саналады. Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеті – аймақ пен бүкіл ел үшін стратегиялық маңызды нысан, деп атап өтті баспасөз қызметі. Сонымен қатар, федералдық бюджетте шекаралық бақылауды ұйымдастырудың заманауи талаптарына сәйкес өткізу бекетін жаңғырту үшін шамамен 3 млрд рубль қарастырылған.
«Росграница» құрылысы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекцияның басшысы Геннадий Безлобенконың айтуынша, өткен жылдың соңында тартылған мердігер құрылыс алаңын дайындауды бастаған. Сонымен қатар, жобалық құжаттама әзірленді. Түзетілген жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) наурыз айының соңында мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Оң қорытынды алынғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Өткізу бекетін жаңғырту 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған.
(Ашық дереккөздерден алынған фото)