Caspianlife, 7 наурыз. Кеше, 6 наурыз күні кен орнындағы № 437 ұңғымада перфорация жүргізілген. Содан кейін сорапты-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ атқылаған. Ауаға атқылаған газдың салдарынан сорапты-компрессорлық құбыр істен шыққан.
«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «…құрбандар мен зардап шеккендер жоқ». Сондай-ақ, жедел штаб шұғыл шаралар қабылдап, ұңғыма маңындағы аумақ қоршауға алынды, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында «Ақ Берен» ЖШС ВАСС бөлімшесі, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС, «СОП Атырау» ЖШС мобильді күзеті жұмылдырылды.
(әлеуметтік желілердегі видео)