Caspian Life, 10 ақпан. Тимур Сәдуақасовқа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті іздеу жариялаған.
Себебі оның Обухов тау-кен байыту комбинатында заңсыз өндіру ісіне қатысы бары анықталған.
2024 жылдың желтоқсанында сот оны кінәсіз деп тапқан. Бірақ кейін прокуратура апелляциялық шағым түсірген. Осылайша қаңтарда қамауда ұстау туралы шешім шығарылған.
Тергеу мәліметінше, оған шенеуніктерге 225 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген айып тағылды.
Айта кетейік, Сәдуақасов 2019 жылдың ақпан айынан бері Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.