CaspianLife, 29 қаңтар. Ақтау қалалық соты қылмыстық топты құрған және басқарған Қазақстан азаматын 10 жылға бас бостандығынан айырды.
ҚР Бас көлік прокуратурасының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2016-2018 жылдар аралығында бір топ адам құрылыс материалдарын жеткізу деген желеумен Ираннан Қазақстанға 1 миллиард теңгеден астам сомаға темекі мен темекі өнімдерін заңсыз өткізген.
«Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзербайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың басқа мүшелері бұған дейін әртүрлі жазаға тартылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деп мәлімдеді қадағалау органы.
(Көрнекі сурет CaspianLife редакциясының мұрағатынан)