Caspianlife, 21 қаңтар. Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 27 қаңтардан 1 ақпанға дейін жұмыс істемейді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі хабарлағандай, Қытай Халық Республикасындағы Көктем мерекесіне байланысты 27 қаңтар сағат 20:00-ден 1 ақпан сағат 08:00-ге дейін Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу тоқтатылады.
«Қазақстан–Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтарды енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырамыз», – делінген МКК хабарламасында.