CaspianLife, 8 қаңтар. 2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, заңсыз айналымдағы, соның ішінде «Қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруларды іздеу және тәркілеу бойынша бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде қарудың екінші реттік айналымының жеті арнасы, ішкі сатылымның жеті арнасы және қаруды қолдан жасап шығаратын төрт цех жойылды.
«58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және 15 мыңнан астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер тәркіленді», – делінген хабарламада.