CaspianLife, 31 желтоқсан. Кейбір Telegram-арналарда Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) баяу кокстеу қондырғысының (БКҚ) апаттық жағдайда екені туралы ақпарат таралуда. Бұл шындыққа жанаспайды.
Бұл туралы бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде атап өтілгендей, 2024 жылдың қараша айында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін БКҚ қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістік қуаты тәулігіне 3 300 тонна шикізатты құрайды. Өнім сапасы аккредиттелген зертханамен расталған. Қондырғының барлық жұмыс параметрлері – температура, қысым және өнім сапасы – белгіленген нормалар аясында. Зауыт барлық экологиялық және өндірістік стандарттарды сақтайды.
«Өкінішке орай, қоғамда АМӨЗ жұмысына нұқсан келтіруді көздейтін кейбір жеке тұлғалардың мүдделерімен байланысты болуы мүмкін сыбыстар тарауда. Бұл күштер қоғамдық пікірді манипуляциялап, кәсіпорнымыздың тұрақтылығына қатысты негізсіз үрей мен күмән тудырады. Біз бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. АМӨЗ тұрақты, қауіпсіз жұмыс істейді және диалогқа ашық», – делінген АМӨЗ таратқан мәлімдемеде.
АМӨЗ баспасөз қызметінің анықтамасы:
Баяу кокстеу қондырғысының (БКҚ) өндірістік қуаты тәулігіне 3 300 тоннаға жетті. Шығарылатын өнімдер (бензин, газойль, кокс) барлық сапа стандарттарына сай. Технологиялық параметрлер нормативтерге толық сәйкес келеді. Тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы бойынша реакторлардың есептелген қалдық қызмет мерзімі шамамен 10 жылды құрайды. 2021 жылдан бастап жабдықты жүйелі түрде тексеру және жаңарту арқасында жұмыс тәуекелдері 40%-ға төмендеді.