CaspianLife, 30 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында орын алған әуе апатынан кейін жолаушыларды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқан бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, марапатталғандар қатарында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, медицина мамандары, полицейлер, Маңғыстау өңірлік электр желілері компаниясының және Ақтау халықаралық әуежайының қызметкерлері бар.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
— Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалисі Айбек Әлібаев «Айбын» орденінің II дәрежесімен (Бауыржан Момышұлы атындағы),
— Маңғыстау облысы Басқұдық ауылы №12 өрт сөндіру бөлімшесінің командирі Серікболат Оңғар «Айбын» орденінің III дәрежесімен (Рақымжан Қошқарбаев атындағы),
— Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының бөлім меңгерушісі Бақытжан Қойбеков,
— Ақтау халықаралық әуежайының медициналық пунктінің меңгерушісі Ирина Кочергина «Құрмет» орденімен марапатталды.
«Ерлігі үшін» медалімен марапатталғандар:
— Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының фельдшері Тимур Қисаев,
— Маңғыстау облыстық апат медицинасы орталығының дәрігері Оспан Оразбеков,
— «Қазаэронавигация» АҚ Ақтау филиалының диспетчері Ярослав Толстиков,
— Маңғыстау өңірлік электр желілері компаниясының шебері Нұралы Шопанов.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
— Ақтау халықаралық әуежайы қызметінің орынбасары Бекболат Жұмағұлов,
— Маңғыстау облысы Сот сараптамасы орталығының маманы Эльдар Оразалиев.
«Президенттің Алғыс хатымен 51 адам марапатталды», — делінген Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.