CaspianLife, 24 желтоқсан. Облыс әкімі тапсырмасымен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына бұған дейін Атырау облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған Данияр Орынбасаров тағайындалды.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Данияр Орынбасаров 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген. С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолы:
2008 жылы «Нұрлы Жол» ЖШС инженері;
08.2009 — 06.2011 жылдар аралығында «Bateman Kazakhstan Oil&gas Company B. V»компаниясы Атырау филиалының супервайзері;
03.2012 — 10.2017 жылдар аралығында Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті мен Мемлекеттік Кірістер комитетінің түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
10.2017 — 08. 2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялық саясат департаменті мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасының бас сарапшысы, инвестициялық саясат басқармасының басшысы, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
08.2022 — 02.2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялдық-инновациялық даму бөлімінің бас консультанты болып істеді.
02.2023 — 09.2023 жылдар аралығында ҚР Үкіметі аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің бас консультанты;
09.2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында болды.